Get Mystery Box with random crypto!

Қытай «Бір белдеу, бір жол» жобасы бойынша Ресейге инвестиция | Ongar_online

Қытай «Бір белдеу, бір жол» жобасы бойынша Ресейге инвестиция салуды тоқтатты деп хабарлайды Financial Times.

Басылым атап өткендей: бұл қадам Пекиннің Украинадағы соғыс аясында санкцияларға ұшырағысы келмейтінін көрсетеді.

Бірақ, бұл бас тарту уақытша болуы мүмкін, өйткені Ресей мен Қытай «өзара сыбайластығы» мықты , дейді сарапшылар.

«Бір белдеу, бір жол» - аймақтық интеграцияны тереңдету, сауданы дамыту және экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында Азияны Африка және Еуропамен құрлық және теңіз жолдары арқылы байланыстыру бағдарламасы.
Қытай санкцияға іліксе бір жарым миллиард халқы қоңыз теріп кететінін де біліп отыр.