Get Mystery Box with random crypto!

Ихтияр кітабынан үш Шейхтің сабағын ашып отырмын. Бірі Шейх Ма | Талапкер

Ихтияр кітабынан үш Шейхтің сабағын ашып отырмын. Бірі Шейх Махмуд Дахла, екіншісі Хасан әл-Һинди, үшіншісі Мазин Бакри حفظهم الله جميعًا.

Негізгі сүйеніп отырған сабағым, Шейх Махмудтікі. Ол кісіден түсіне алмағанды, басқа Шейхтардікінен тыңдап, түсініп аламын. Енді осылай салыстыра отыра, біздің Шейхтің дәрісін түсіну оңай емес екеніне көз жеткіздім) Дәрежеге керек екен. Кейбір мәселелер шәкіртке онсыз да түсінікті деп санағаннан, Шейх оны толықтай ашықтамайды. Бірақ ол менің басымда сұрақ болып тұрады да, мәселені түсінбей отырамын. Кейін басқа Шейхтан тыңдасам, яғни дейді де, мысалмен мәселені басқаша ашып береді.

Так что, Шейх Махмудтың حفظه الله сабағын түсіну оңай емес. Ол кісінің дәрісіне дайындалып келмеген шәкірт, точно түсінбейді сабақты. Ал Шейх көп сұрақ қойылғанды ұнатпайды. Сомен не керек, түсінбей отырған шәкірт үнсіз отырады) Сұрайын десе, “келер алдын сабаққа дайындалдың ба” деген сұрақтан қорқып, тыныш қана отырады

Алла Тағала ғалымдардың ілімінен мақрұм етпесін. Әмин.