Get Mystery Box with random crypto!

Ата бабамызды тек қана жыр өлең шумақтары жағынан ғана тану на | Olzhas Hanafin

Ата бабамызды тек қана жыр өлең шумақтары жағынан ғана тану надандық. Көптеген адам қазақ көшіп қонып жыр жазып өлең айтып сауық сайран құрып, қымыз ұртып қымыран ішіп алтыбақан теуіп уақытын барлығын соған арнап жүре берген деп ойлайды. Алайда тарих мүлде олай емес. Ата бабамыздың кезінде де дінге мықты болып бек ұстанғандар мен көк тәңір я болмаса басқада сенімде яки мүлде сенімсіз адамдарда болған. Өйткені ақиқат пен жалған (адасу) адам баласының өмір сүрген әр ғасырында қияметке дейін бірге бола бермек. Дегенмен тарихымызды алып қарап процентке шаққанда дінсіз адасқан топ өте аз болған, керісінше қазақ исламды терең бойлап, әр үкімдері мен қағидаларын бекем ұстанып соны үйреніп әрі үйретіп келген. Оған Абай мен Шәкәрімнен (Алла оларға разы болсын) алдын әрі кейінгі келген ұлы даламыздан шыққан ғалымдарымыз оған дәлел .

Ата бабамыз деп айтқанда нені меңзеп тұрғаныңызға мән беріңіз. Тарих деген тек бір тараптан қаралмайды. Тарихты толық білмеген соң әркім өзінің ыңғайына салып, өзінің ұнаған позициясының алдына "ата бабамыз" деген сөзді қосып алып айта беруді қою керек.