Get Mystery Box with random crypto!

Мусталах хадистен Шейх Нуриддин Итрдың(Алла рахым етсін) соңғы | Olzhas Hanafin

Мусталах хадистен Шейх Нуриддин Итрдың(Алла рахым етсін) соңғы тахқиқ жасаған кітаптарының бірі. Бұл кітапқа тахқиқ жасау себебі шәкірттердің көбісі нузһаны түсіну өте қиын деп айта беретін болған. Нәтижесінде Шейх оларға нузһадан сабақ берген кезде неге оны түсіну қиын екенін түсінген. Басылып шыққан баспалардың бәрінде үлкен қателер бар және шәкірт мұқтаж болатын қосымша мәліметтер берілмеген. Содан соң Шейх сол кітапқа тахқиқ жасауға бел буады. Шейхтің тахқиғының ерекшелігінің бірі кітапты басып шығаруға асықпауы. Әбден сол кітаптан көп мәрте сабақ беріп, ішіндегі қателерін дұрыстап барып қана баспаға беретін болған.

Осы кітаптан кейін Шейхтің Шейхі Абдулла Сиражуддин(Алла рахым етсін) осымен жетеді, енді риуаяға көңіл бөл деген екен. Алла Шейхтің еңбектерін қабыл етсін

Бұл мағлұматты бізге Шейхтің жақын шәкірті, бойына Шейхтің мінезін сіңірген ғалым Шейх Махмуд әл-Мысри айтып берді. Алла ол кісіні өз панасына алсын.