Get Mystery Box with random crypto!

Шейх Хасан әл-Ғусман (Алла оны панасына алғай) бір тақырыпты қ | Olzhas Hanafin

Шейх Хасан әл-Ғусман (Алла оны панасына алғай) бір тақырыпты қайта-қайта, миыңа құйылып қалғанша қайталап айта береді.

Әрі сол нәрсе мұғалімдердің бойынан табылу керектігін айтып, өмірінен мына бір қызық бір оқиғаны келтірді:

«Енді үйленген кезімде әйеліме: « Қазіргі уақытта бізде бала-шаға жоқ, қолымыз бос, сен менің университеттегі лекцияларыма қатыс», деп айттым.

Әйелім бір күн қатысты да одан кейін мүлде қатыспады.

Неге қатыспай жүрсің деп сұрағанымда, маған:

«Сіздің бір нәрсені қайта-қайта қайталай бергеніңіз – жүрегімді аурушаң етіп жіберді» деп жауап қатты.