Get Mystery Box with random crypto!

Туған жерімнің видеосын көріп, көңілім босап кетті. Туған жері | Olzhas Hanafin

Туған жерімнің видеосын көріп, көңілім босап кетті. Туған жерім Жезқазған қаласының қасында орналасқан Рудник кенті. Бар жоғы 3-ақ мың адам бар еді. Бұрынғы күндерім есіме түсіп, қазіргі жағдайыма қарап шүкір еттім. Жалпы өмірімдегі әрбір болған жағдай мені осы қазіргі жағдайға алып келді.

Ендеше сіз әлі өмір сүріп жатсаңыз мүмкіншілік бар. Өзіңізді қолға алып, алға қарай жүруге тырысыңыз. Ашу, ыза, реніштің барлығын тастаңыз. Ол сізді артқа тартады. Қазіргі сәттен ләззат алып, Раббыңызбен бірге болыңыз. Бұл өмірде тұрақтылық жоқ. Тұрақты азап пен тұрақты бақытты өмір тозақ пен жәннатта ғана. Мәңгі тұрақты бақытты өмір сүру үшін мына жалған, уақытша, қамшының сабындай ғұмырды Алла разы болатындай етіп өткізейік. Жанымыздан рухымыз шыққанда қиналмай, Раббысына ұмытылып шықсын. Өмірден өткесін аспан есіктері баршамызға ашылсын. Әмин.