Get Mystery Box with random crypto!

Ендігі жылдан бастап медресеміздің бірінші курсы осы кітаптан | Olzhas Hanafin

Ендігі жылдан бастап медресеміздің бірінші курсы осы кітаптан оқып бастайын деп жатыр. Осы кітаптың қандай баспалары бар екенін Шейх бізден сұрап шықты. Саид Багдаштың тахқиғымен өте жақсы баспа шыққан екен. Бірақ Шейх оның бағасын көріп: “шәкіртке бұл баға ауыр емес пе? Бізде автордың өз қолымен жазған түпнұсқасы бар, соған сүйене отыра сол кітапқа тахқиқ жасап, жоғарыдағы баспаның бағасынан екі есе төмен бағада ұсынғымыз келіп жатыр” деді.

Субхаана Алла! Шейх қандай да бір іс болмасын шәкірттің жағдайын ойлап, шама келгенше оның ілім алуына жағдай жасағысы келіп тұрады.

Ойлаңызшы, шәкірттерге жақсы баспадағы кітап қолжетімді бағада болуы үшін толық бір кітапқа тахқиқ жасағысы келіп жатыр. Ал тахқиқ оңай шаруа емес. Қандай ықылас, қандай ниет.

Алла Тағала Шейх Махмуд Дахлаға разы болып, салиқалы амалдарын таразыда ауыр етсін. Әмин.