Get Mystery Box with random crypto!

Шейх Хасан Һитудың حفظه الله сабағына қатысу бақыты нәсіп болд | Olzhas Hanafin

Шейх Хасан Һитудың حفظه الله сабағына қатысу бақыты нәсіп болды. Шейх сабақ берудің қас шебері екен. Алғашқы сәттен бастап-ақ бүкіл назарды өзіне қаратып алды. Өзін таныстырған кезде фиқһта Шафий, ақидада Ашғари мазһабын ұстанатының бірден дәрістің басында айтты. Ашғари мен Матуриді мазһабы бірдей деді. Яғни екеуі де әһли суннадан. Әһли суннадан дегеніміз бүкіл үммет ғалымдары мойындаған жол. Ескертіп те, күлдіртіп те алды. Мәселені өте нақты, ретімен түсіндіреді екен. Абылқайыр бауырым екеуміз қатты таңғалдық.

Сабақ өте қатты ұнады. Осындай мүмкіншілікті нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір. Шейх өзі 80 жастан асса да әлі де жігерлі, қайратты кісі екен. Рухани күші сөйлегенінен-ақ сезіліп тұрған шығар. Қазіргі таңда фиқһ әлмуқораннан 140 томдық энциклопедия жазып жатыр. 70 томы аяқталды. Алла ғұмыр берсе 140 томға жеткіземін дейді. Алла ғұмыр берсін Шейхқа. Алла разы болсын.