Get Mystery Box with random crypto!

*** Сіз біреуді сүйіп көрдіңіз бе? Қыз жолдаған СМС Жамандауд | Махаббат өлкесі...

***
Сіз біреуді сүйіп көрдіңіз бе?
Қыз жолдаған СМС

Жамандаудың ізі бар, әспеттеудің
Естеліктей жылдарға «хош» деп келдім.
Бәрі жақсы болғаннан адамдардың,
Көрдің бе жас төккенін?

Сен де бірі шығарсың сүйгендердің?
Сүйіп жүрген болмайды күндерде мін.
Жүрегіне жасырған бір мұңы бар,
Оңаша жүргендердің...

Әрбір күннің ішінде, әр аптаның,
Таусылады күтумен тағат-хәлің.
Кездескенде ойламас ешбір адам,
Қоштасу сағаттарын.

Маған да сор көз қырын салған ұзақ,
Әйтеуір бір сағымға жалғанып ап,
Мен сүйемін... жоқ, сүйгем бұрындары,
...көз жазып қалғам, бірақ!

Авторы: Абылай Мәулен