Get Mystery Box with random crypto!

ЕРКЕЛІК ІЗІ Қайтемін енді, білмеймін, Қайғыға мың ой батырды. | Махаббат өлкесі...

ЕРКЕЛІК ІЗІ

Қайтемін енді, білмеймін,
Қайғыға мың ой батырды.
Бақытым кетсе сенімен,
Ұмытам, сірә, атымды.

Құрысын осы сағыныш!..
Құм болып дүнием аһ ұрды.
Шыбынсыз жаздай жанымды,
Сорпадай сүю сапырды...

Сен жоқта тілсіз мылқаумын,
Жай ғана дыбыс сөздерім.
Сезімім өшсе дүлеймін,
Сен жоқта көрмес көздерім.

Жетімдей болып ай дағы,
Жесір күн тұрар, күн емес.
Сен жоқта бал да бал емес,
Сен жоқта гүл де гүл емес.

Сен келсең сезім жайланып,
Сұңқардай шолам ескі үйді.
Жазылар басым, көз жайнап,
Тіл шығып, құлақ естиді.

Жас кезде таудан көп көргем,
Із салған тасқа тұяқты.
Ерніме ернің із салды,
Еркелік ізі сияқты...

Авторы: Атантай Акбаров
Аударған: Саят Қамшыгер