Get Mystery Box with random crypto!

ТҮЙСІКТЕГІ САҒЫНЫШ Жолықтың маған Ғарыштан күнім, аспаннан, Ж | Махаббат өлкесі...

ТҮЙСІКТЕГІ САҒЫНЫШ

Жолықтың маған
Ғарыштан күнім, аспаннан,
Жанардан, бәлкім,  жас тамған.
Кіршікісіз үміт кірпіктерімде дірілдеп,
Жердегі мұңнан, мендегі сырдан жасқанғам.

Жасқанғам солай,
рухынан тылсым жаныңның.
Жабыққан мендік әлемнен қалай табылдың?
Бақ пенен сорды құшақтап жүріп, күткен ем,
Арасын кезіп сағымның...
Сағындым қанша, сағындым...

Түйсігімдегі сағыныш болып кезіктің,
Санамнан мөлдір ықпалын қуып сезіктің.
Жеті қат жер мен ғаламат мынау аспанның,
Елшісі сенсің, тез ұқтым.
Тағдырға тосын төзіп мың.
 
Елегіздім бе,
Үніңді сосын естідім.
Құстар қайтатын қарбалас сәтте кешқұрым.
Қол созым бақтың тани алмаған кескінін,
Бейбақты мендей кеш, күнім!
Болмайсың, білем ешкімім!

Авторы: Толқын Қабылша