Get Mystery Box with random crypto!

“Әкемен, ағамен қарым-қатынас болашақ өмірге дайындайды” деген | OiTube💭 (ойтөбе)

“Әкемен, ағамен қарым-қатынас болашақ өмірге дайындайды” дегенге сенбейтін едім..

Дәл қазір ыдыс жуып, жымиып тұрмын.(қолымды сүртіп, бірден каналға кірдім) Ағаларым мен әкеме деген қарым-қатынасыма қарап, мен өзімнің бойымдағы жауапкершіліктің пісіп-жетілгенін байқадым. Бірінші рет.

Бірінші рет ағамның жұмысқа аш кетіп бара жатқаны менің намысыма тиді.
Бірінші рет ағамның төсек-жайы шашылып жатқаны жыныма тиді.
Бірінші рет арландым, қарындастық міндетімді жақсы атқармай жүргеніме.

Мен барда ол кісілер үйден комфорт сезінсе екен деймін барынша. Сырттан емес, үйден..

Анамыз кеше алыс жерге тойға кеткен. Таңертең ағама жұмыс, ал мен аптаның алты күні сабылып сабақ беріп жүргенде, “үйге барайыншы осы, жақсылап ұйықтаймын” деп өзіме серт бергенмін. Енді міне, сәт туды дегенде, ағам үшін ұйқыны қиып, ерте тұруым керек болды. Шай бермесең, аштан-аш кете салатын әдеті…

Алдына ыстық шайын, кішкентай тортын, жұмсақ наны мен сары майын қойғанда, менің көңілім шынымен жайланды. Мен өзімді Алланың қалауымен “қамқор” сезіндім. Құлдың құлға қамқорлығы..Білмеймін, қайдан иіп, жібіп келіп жатқан мейірім бұл? Неге мен әдеттегідей “өзің жұмысқа кете бермейсің бе, неге ояттың?” деп ашуланбаймын? Қызық…

Ағаларымның бойынан “Рахман” (Қамқор) есімін көремін. Ал олар менен “Уәдуд” (Сүюші) есімін көрсе екен.. Лайық болсақ екен сол есімдерге..