Get Mystery Box with random crypto!

Диплом алғаннан кейін үйде жата алмайсың. Саған келіп жұмыс іс | oi.sana

Диплом алғаннан кейін үйде жата алмайсың. Саған келіп жұмыс істе, ақша тап демесе де, үйде болу өте қиын.

Сол үшін 3-4 курсыңнан бастап болашағыңды ойлай берген дұрыс. Келешекте мамандығың бойынша жұмыс істейтін болсаң, соған байланысты жұмысты жарты ақшасына келісіп болсын істей беру керек. Стажировкаға істесең де, әйтеуір, бітіргенше тәжірибе жина. Кейін тұрақты жұмысқа кіру оңай болады.

Өз салаң бойынша жұмыс жасау ниетің болмаса, ойыңда жүрген нәрселердің бәрін жасап бастай беру керек. Бизнес, маркетинг, өзіңе ұнайтын іс. Бірден көтеріліп кетпейсің әрине, бірақ алғашқы баспалдақтарынан өтесің.

Басқа қалада оқып, сол қалада қалу ойыңда бар болса, студент кезден-ақ қамын жасай берген жақсы. Сол жақта қалуға себеп болатын бір дүние болса, оқу бітіре салып «ауылға қайт» деген әңгіме болмайды.

Студент кезде белсенді болудың, көп адамдармен араласудың пайдасы көп екен. Оқудан тыс, сырттан да орта табуға талпыну керек. Өзіңмен қызығушылығы ұқсас, бір арнада жүрген адамдармен жиі кездесіп, ой алмасып тұр. Өзіңнен білімі, бизнесі жағынан сәл ілгерек жүрген жандарға жақын жүрудің де артықшылығы бар.

Өзім көпшіл емеспін, көп адаммен араласып, таныспағаныма өкінемін кейде. Бірақ оны түзетуге кеш емес. Сол олқылықтың орнын толтыруға қазір тырысып жатырмын. Сіздерге де кеңес беремін.