Get Mystery Box with random crypto!

Адамның қадірі мен құны оның не нәрсе үшін қажыр-қайрат жұмсағ | Кітаптан бір үзік

Адамның қадірі мен құны оның не нәрсе үшін қажыр-қайрат жұмсағанына байланысты. Өмірдегі түпкі мақсатымыз қаншалықты жоғары болса, біз де соншалықты қадірліміз. Сондықтан тек материалдық қажеттілік үшін тырмысып, жеп-ішу, үйлену үшін өмір сүретіндер өз қадірін өз қолымен төмендетіп жатқанын білсін.

Иә, не үшін тырыссақ, соншалықты дәрежеде қадірліміз.

Біз ұмтылатын ұлы меже, бізді де ұлы ете түседі. Сол себепті ең құнды іс – Алланың разылығына қол жеткізу үшін жасалған іс болып табылады. Өйткені бұл дүниенің барлық игіліктері өткінші. Алла үшін жасалған істер ғана ақиретте азық болып, баянды дүниеге айналады.

Құдайберді Бағашар
Тәрбие сағатынан естеліктер

http://t.me/oimaqoi