Get Mystery Box with random crypto!

​​Коронавирус ауруымен науқас адамдармен байланысқан тұлғалард | Менікі жеке ойымғой!

​​Коронавирус ауруымен науқас адамдармен байланысқан тұлғаларды бақылауға арналған мобильді қосымша туралы толық ақпарат.

Бүгін бас дәрігердің үйдегі мәжбүрлі карантинде орналасқан адамдарға бақылау жасау үшін Smart Astana мобильді қосымшасын міндетті түрде орнату туралы бұйрығы шықты.

Шешім қолданыстағы Smart Astana мобильді қосымшасына енгізілген, коронавирус ауруымен науқас адамдармен байланысқан және үйде міндетті карантинде отырған әрбір адам осы қосымшаны жүктеп, GPS координаттарына, Wi-Fi, Bluetooth және смартфон сенсорларының мәліметтеріне рұқсат беруі керек. Егер байланысқан адам үйдің карантиндік периметрінен шыққан болса, смартфонына үйдегі карантин шараларын сақтау қажет екендігі туралы хабарламалар жіберіледі, және сол байланысты адамға қоңырау шалынып үй карантиніне оралу қажеттігі ескертіледі. Бұл функционал бас дәрігердің шешіміне сәйкес толықтай жүзеге асырылады, және оның орындалмауы Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында барлық санкцияларға алып келеді.

Мониторинг жүргізетін функциясы міндетті карантинде орналастырылған адамдарға, олардың деректерін эпидемиолог жүйеге енгізгеннен кейін ғана пайда болады. Әрбір байланыс тұлғасы осы функцияны іске қосқанға дейін дербес деректер туралы заңға және бас дәрігердің бұйрығына сәйкес мәліметтерді беруге келісімін береді.

Деректер мемлекеттік серверде сақталатындығын ескеру керек, оған эпидемиология қызметкерлерінен басқа ешкім қол жеткізе алмайды. Astana Innovations қызметкерлері техникалық қолдау көрсетеді, оның қызметкерлері жеке деректерге қол жеткізе алмайды.

Бұл құрал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің цифрландыру кеңсесімен және «Нұр-Сұлтан» әкімдігінің цифрландыру кеңсесімен бірлесіп, коронавируспен күрес жөніндегі IT-штабтың қолдауымен іске қосылды.

AppStore-да қосымшаны жүктеу үшін сілтеме: https://itunes.apple.com/us/app/smart-astana/id1080928295?l=en&ls=1&mt=8

Google Play-де қосымшаны жүктеу үшін сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana

@anticoronakaz