Get Mystery Box with random crypto!

Бұқар жыраудың Абылай хан туралы айтқаны: Ей, Абылай, Абылай! | nurqojadua

Бұқар жыраудың Абылай хан туралы айтқаны:

Ей, Абылай, Абылай!  Мен өзіңді көргенде,  Тұрымтайдай ұл едің,  Түркістанда жүр едің,  Үйсін Төле бидің  Түйесін баққан құл едің!  Жаныс Қарабайдың үйінде  Түнде туған ұл едің,  Әкең – күмән әуелден,  Оны да мен білемін!.. – десе, енді бір тұста: Абылай-ау, Абылай, Момынға келіп бек болдың, Атаңды ұқпас ұл едің. Қаршы менен Құзарда Жалаңаяқ жар кешіп, Бөз тоқыған сарт едің. Ататегіңді сұраса, Арқар ұранды жат едің, Қай түріңмен төре едің? Шешеңді және сұраса, Қай алтынның буы едің? Оны да мен білуші ем, Түрікменнің жерінде, Қашып жүріп күнелткен Мәскенің қара күңі еді