Get Mystery Box with random crypto!

​Биыл ақпан айында партияның Ақмола облыстық филиалына Көкшета | AMANAT партиясы

​Биыл ақпан айында партияның Ақмола облыстық филиалына Көкшетау қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мен Қазақ саңыраулар қоғамының өкілдері қоғамдық көлікте жол жүруге жеңілдіктер беру туралы өтінішпен хабарласқан еді. Мәлім болғандай, республиканың басқа өңірлерінде бұл санаттағы адамдар үшін жол жүру тегін, ал Көкшетауда олар жеңілдік алушылардың тізімінен шығарылған. Осы қоғамдық ұйымдардың өкілдері бірнеше жылдан бері жергілікті атқарушы органдарға жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар азаматтардың бұрын бекітілген 15 санатты тізімін қайта қарау туралы өтініш айтып келген.

Облыстық «Nur Otan» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде ерекше қажеттіліктері бар 200-ден астам адамның мүддесін қорғаған топпен кездесті. Сонымен қатар, ол осы жиынға қалалық мәслихат өкілдерін шақырып, мәселені алқалы түрде қарағаннан кейін мұны оң шешу мүмкіндігі туралы ортақ пікірге қол жеткізілді.

Осыдан кейін Көкшетау қаласының әкімдігіне осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолданды. Нәтижесінде қаулыға өзгерістер енгізіліп, соған сәйкес көру және есту қабілетінде кемістігі бар II топ мүгедектері қоғамдық көлікте тегін жүре алатын болды. Сондай-ақ, бұл санатқа соғысға қатысушылар, қайтыс болған Ұлы отан соғысының мүгедектігі бар ардагерлерінің жұбайлары немесе соларға теңестірілген адамдар кіреді.

Көкшетау қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген соң және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

#NurOtan #ИгіліктіІстерПартиясы