«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы Алтай қалалық филиалына көп жылдан бері жеке куәлігін ала алмаған қала тұрғыны жүгінді.
⠀
Аталмыш оқиға 1997 жылдан бері жалғасып келеді, сол жылы Алтай қаласының тұрғыны Галина Пантелеева Ресей азаматтығына ауысу туралы шешім қабылдап, көші-қон қызметіне құжаттарын тапсырады. Кейін ол өз шешімін өзгертіп, Қазақстан Республикасында тұруға қалады. Содан соң қайта қалпына келтіру үшін құжаттарын тапсырып, көші-қон қызметі жеке куәлікті қалпына келтіру және азаматтығын ауыстыру үшін құжаттар жинауға жібереді. 2020 жылға дейін ол жеке куәлігін қалпына келтіре алмады, осы уақыт ішінде ол Қазақстанда тұруға ықтиярхатымен тұрды.
⠀
«Nur Otan» партиясының филиалы мен көші-қон қызметі келіссөздер қорытындысы бойынша қажетті құжаттарды жинауға бірлесіп көмектесуге келісті. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Елшілігіне азаматтығының жоқтығы туралы анықтама беруді сұрады.
⠀
Міне, көптен күткен нәтиже: Галина ақыры жеке куәлігін рәсімдей алды.
⠀
«Көп рахмет айтқым келеді, Мен бұл күнді ұзақ күттім», – деді филиал қызметкерлеріне алғысын білдірген Г.Пантелеева.
⠀
Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
⠀
Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.
⠀
Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.
⠀
#NurOtan