Get Mystery Box with random crypto!

​Алматылық партия мүшесі баланың емі үшін медициналық жабдық а | AMANAT партиясы

Алматылық партия мүшесі баланың емі үшін медициналық жабдық алуға көмектесті

Көпбалалы ана Тоғжан Советханқызы «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалына өзінің бес жасар ұлы Диастың өмірін сақтап қалу туралы өтінішпен жүгінді.

Бүгінгі таңда кішкентай Диас созылмалы бүйрек ауруының 5D сатысына шалдыққан. Күн сайын дерлік бала өмірлік көрсеткіштері бойынша гемодиализдің 3ПР-сеанстарынан өтеді, бір процедураның ұзақтығы 4 сағатты құрайды. Енді нәресте шұғыл түрде донорлық бүйректі трансплантациялауды қажет етеді. Мәскеуден келген әріптестерінің диагнозы расталғаннан кейін Беларусь дәрігерлері операцияға дайын екендігі белгілі болды. Бүгін қажетті талдауларды Алматылық дәрігерлер Ресей астанасына жіберетін болады.

Баласына ем іздеп, жанұшырған анаға Алматы қаласындағы «Nur Otan» депутаттық фракциясының мүшесі, кәсіпкер Есенгелді Талбидинов жауап берді. Бұған дейін нұротандық депутат Ерболат Қасымов отбасына көмек көрсеткен болатын.

«Тоғыз айлық нәресте кезінде Диастың денесінде бөртпе пайда болды, біз басында оған аса мән бермедік. Бірақ біз жағдайды асқандырып алғанымыз белгілі болды. Өкінішке қарай, бұл жабдық тек Санкт-Петербург қаласында сатылады және пайдалану мерзімі шектеулі, сондықтан бізге қамқор адамдардан көмек сұрауға тура келіп отыр. «Nur Otan» партиясының алматылық депутаттары бізге кезекті рет толық көлемде қаражат жинауға көмектесуде», - деп ағынан жарылды Тоғжан.

Есенгелді Талбидиновтың айтуынша, бұл ең алдымен оның азаматтық борышы және ол кішкентай баланың тағдырына бей-жай қарай алмаған.

«Мен Диастың жағдайы туралы естігенде, шетте қала алмадым. Кішкентай бала күн сайын ересектер үшін де қиын болатын сынақтардан өтеді. Мен Диастың жақын арада толық сауығып кететініне шын жүректен сенемін», - деп атап өтті депутат.

Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.

#NurOtan