Get Mystery Box with random crypto!

​Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas | AMANAT партиясы

​Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Орталық кеңесінің отырысында Нұржан Жетпісбаев «Nur Otan»-ның жастар қанатының жаңа басшысы болып сайланды.

Бүгінде «Jas Otan» – 20 жылдық тарихы бар жай ғана жастар ұйымы емес, маңына 35 жасқа дейінгі 100 мыңнан астам белсенді қазақстандықты топтастырған ірі бірлестік. Дамыған өңірлік инфрақұрылымы, заң шығарушы және барлық деңгейдегі өкілді органдарда депутаттық корпусы бар іргелі ұйым.

Осы сайлауда «Nur Otan» партиясы жастарға жүйелі қолдау көрсетті, олардың өкілдері штаб мүшелерімен бірге белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, барлық дерлік сайлауалды іс-шараларға қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша Елбасы белгілеген квотаның арқасында біздің партиядан барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жас депутаттардың саны 3 есе, яғни 7-ден 23%-ке дейін артты. Осылайша, 2701 нұротандық депутаттың 616-сы – жастар өкілдері болды.

Олар 6 миллионнан астам қазақстандық жастардың мүддесін білдіретін болады.

Өздеріңізге белгілі, Елбасының қатысуымен таяуда өткен «Jas Otan»-ның Съезінде 5 жылдық «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл құжат жастарды қолдау бойынша 100 нақты жүйелік шараны қамтиды. Олардың қатарында әлеуметтік лифтілер құру және жастар бастамаларын жүзеге асыру, жұмысқа орналастыру және білім сапасын көтеру секілді көптеген мәселелер бар.

«Jas Otan»-ның жаңа басшылығы мен жас депутаттық корпус алдында осы бағдарламаны тиімді жүзеге асыру міндеті тұр.

Ең алдымен, бағдарламаның әрбір бағытына жауаптыларды белгілей отырып, республикалық және 216 өңірлік жол карталарын бекіту қажет.

Тағы бір маңызды міндет – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жастар саясаты туралы» жаңа заң әзірлеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру. Біздің жас депутаттарымыз «Jas Otan»-мен бірлесіп, партияның қолдауымен осы жұмысқа белсенді атсалысуы, жастарды жұмылдырып, сарапшылар топтары арасында жан-жақты талқыдан өткізуі тиіс.

---

По согласованию с Елбасы, Лидером партии Нурсултаном Назарбаевым в ходе заседания Центрального совета «Jas Otan» новым руководителем молодежного крыла «Nur Otan» избран Нуржан Жетписбаев.

Сегодня «Jas Otan» - это не просто молодежная организация с 20-летней историей, а крупнейшее объединение, консолидирующее в своих рядах более 100 тысяч активных казахстанцев в возрасте до 35 лет, с развитой региональной инфраструктурой, корпусом депутатов в законодательном и представительных органах всех уровней.

На этих выборах «Nur Otan» системно поддержал молодежь, представители которой наряду с членами штабов активно агитировали и принимали участие практически во всех предвыборных мероприятиях.

По итогам выборов благодаря установленной Елбасы квоте число молодых депутатов от нашей партии на всех уровнях маслихатов увеличилось в 3 раза, с 7 до 23%. Так, из 2701 депутата-нуротановца 616 являются представителями молодежи.

Именно они будут представлять интересы более 6 миллионов молодых казахстанцев.

Как известно, на недавнем Съезде «Jas Otan»-а с участием Елбасы была принята 5-летняя Программа «Жастар-Отанға». Запланировано 100 конкретных мер по поддержке молодежи. Среди них создание социальных лифтов и реализация молодежных инициатив, вопросы трудоустройства и повышения качества образования, а также многое другое.

Перед новым руководством «Jas Otan»-а и молодым депутатским корпусом стоит задача по эффективной реализации данной программы.

В первую очередь, необходимо утвердить республиканскую и 216 региональных дорожных карт с определением ответственных за каждое направление программы.

Отдельная задача - это реализация поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по разработке нового закона «О молодежной политике». Наши молодые депутаты совместно с «Jas Otan»-ом должны при поддержке партии активно подключиться к этой работе, вовлечь молодежь, организовав широкое обсуждение в том числе в экспертных кругах.