Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 24

2021-09-13 21:44:12 Ассаляму алайкум

Құрметті мұсылман бауырлар!

Каналымыз жайлы достарыңызға айта жүріңіздер. Олар да тіркеліп, білімдері артсын, барынша көп бауырларымызға пайдамыз тисін!

https://t.me/nurlyislam
728 viewsedited  18:44
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 21:41:42 «Әй, нәпсім, «артынан тәубе етем және жақсы істер жасаймын» десең, ажал одан бұрын жетуі мүмкін, өкініп қаласың. Ертең тәубе етуді бүгін тәубе етуден жеңіл деп ойласаң, алданғаның».

Имам Ғазали
689 views18:41
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 21:40:31
Алланың мейірімінен күдер үзбеңіз

Алла Рахим (өте Мейірімді)
619 views18:40
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 21:38:19 «Арыстан үшін қапаста өмір сүру табиғатына қайшы болатыны сияқты, шын мүминнің де нәпсісінің қамауында тұтқын болып, фәнилік қызықтарға құл болып өмір сүруі жаратылысына қайшы болып табылады»

О.Н. Топбаш «Хаққа арналған жастық шақ»
594 views18:38
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 21:34:14 Хасан Басриге رحمه الله (110 ж.х.) бір адам келіп құнарсыз жеріне шағым айтады, ол: “Алладан кешірім сұра” деп жауап береді.

Басқа бір адам келіп өзінің кедейлігіне шағымданады, ол: “Алладан кешірім сұра” деп жауап береді.

Үшінші адам келіп: “Алладан мен үшін перзент сұрашы” деп өтініп келгенде, ол оған да: “Алладан кешірім сұра” дейді.

Төртінші адам келіп бақшасындағы құрғақшылыққа шағым айтады, ол оған да: “Алладан кешірім сұра” дейді.

Адамдар айтады:
“Біз одан бұл жайлы сұрастырдық (яғни, не үшін бәріне бірдей жауап бергендігі жайлы)”.

Ол айтты:
“Мен өзімнен ештеңе айтқан жоқпын, Алла Нұх сүресінде айтады: «Раббыларыңнан кешірім сұраңдар, Ол - Кешіруші. Ол көктен жаңбыр жаудырады, мал-дүние және бала-шағамен қолдайды, сендер үшін бау-бақшалар өсіріп, өзендер ағызады»”. (Нұх, 71:10-12)

Қараңыз: «Тафсир әл-Қуртуби» 18/301.
717 views18:34
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 21:28:23
Пайғамбарымыз (ﷺ) қабірдің жағдайын былайша суреттейді:

"Қабір - не жәннат бақшаларының бір бақшасы, не болмаса жәһаннам (тозақ) шұңқырларының бір шұңқыры".
3.5K views18:28
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 07:46:03

782 views04:46
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 02:00:59 رَّبَّنَا إِنَّنَا سَمِعْنَا مُنَادِيًا يُنَادِي لِلْإِيمَانِ أَنْ آمِنُوا بِرَبِّكُمْ فَآمَنَّاۚ رَبَّنَا فَاغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَكَفِّرْ عَنَّا سَيِّئَاتِنَا وَتَوَفَّنَا مَعَ الْأَبْرَارِ

Әли Имран: 193

«Уа, Раббымыз! Расында, біз: «Раббыларыңа иман келтіріңдер», – деп иманға шақырған ақиқат жаршысын естідік және естіген бойда оған құлақ асып, иман келтірдік. Уа, Раббымыз! Біздің күнәларымызды кешіре көр! Кінә-қателіктерімізді (амал дәптерімізден) өшіре көр және бізді дүние салғаннан кейін, Өзіңе жақын болған ізгі әрі кемел мүміндердің қатарына қосқайсың!»
31 views23:00
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 07:34:12

118 views04:34
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 01:44:45
Аллаһ разылығы үшін дәл қазір шын жүректен осы сөздерді айтайық!

Аллаһ Елшісі (ﷺ) былай деген:

مَنْ قَالَ : رَضِيتُ بِاللَّهِ رَبًّا ، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا ، وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولًا ، وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ

«Кімде-кім: - "Раббым ретінде Аллаһқа, дінім ретінде Исламға және Елші ретінде Мұхаммедке разымын", - деп айтса, оған жәннат міндетті болады».

Ибн Әби Шәйба; Әбу Дәуд; ән-Нәсәи; Ибн Хиббан және әл-Хаким

Арабша айту міндет емес, қазақша айтса да болады!

Қазақша :
РОДЫЙТУ БИЛЛӘҺИ РОББӘН
УӘ БИЛ ИСЛАМИ ДИНӘН
УӘ БИ МУХАММАДИН(С.Ғ.С.) РОСУЛӘН
38 views22:44
Ашу / Түсініктеме