Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИС: Әбу Қатаданың жеткізуі бойынша (р.а.): «Бірде Расулалл | NURLY.ISLAM

ХАДИС:

Әбу Қатаданың жеткізуі бойынша (р.а.): «Бірде Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларға құтпа оқып,
құтпасында Аллаһ жолындағы күрес пен Аллаһ тағалаға иман етудің істердің ең абзалы екенін баса айтқан еді. Сол кезде сахабалардың бірі орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер Аллаһ жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрады. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрине. Егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Аллаһтан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһ жолында қаза тапсаң, күнәларың кешіріледі», – деп жауап берді. Сәлден кейін Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгі кісіден: «Сен не деп айтып едің?» – деп сұрады. Әлгі сахаба: «Егер Аллаһ жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп қайта сұрады. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрине, егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Аллаһтан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһ жолында қаза тапсаң, қарыздарыңнан басқа барлық күнәларың кешіріледі. Бұны маған Жабірейіл (ғ.с.) періште айтты», – деп қайта жауап берді» – делінген.

(Муслим, имара 117).