Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИС: Әбу Бәкір Сыддық (р.а.): «Уа, халайық! Сендер, «Әй мүм | NURLY.ISLAM

ХАДИС:

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.): «Уа, халайық! Сендер, «Әй мүміндер! Алдымен өздерің түзеліңдер. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесірін тигізе алмайды» (35) – деген аятты оқып, оны дұрыс түсінбей жүрсіңдер. Мен Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер адамдар залымның залымдығын көре тұра, оған тоқтам салмаса, көп ұзамай-ақ, Аллаһ тағала залымдармен бірге оларды да азаптайды», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Әбу Дәуіт, мәләхим 17; Тирмизи, фитән 8).

(35) «Мәида» сүресі, 105-аят