Get Mystery Box with random crypto!

​Мәзһабсыздық'Уәһәбилік' арқылы халық арасында тараған намазда | NURLY.ISLAM

​Мәзһабсыздық"Уәһәбилік" арқылы халық арасында тараған намаздағы макруһ істердің бірі :
- ([Имам Ахмад бин Ханбал] әл-Музнидің риуаятында: «[Қолдарын] кіндіктен сәл төмен қояды және оларды кеудеге қою мәкруһ», - деген. Себебі Пайғамбарымыздың тәкфирге (яғни қолды кеудеге қою) тыйым салғаны риуаят етілген. Ибн Қайим әл-Жаузия. Бадаиъ әл-Фәуәид.
– (Және мен оның [яғни, имам Ахмад бин Ханбалдың]: « олай болғаны мәкруһ », яғни қолдардың кеудеде болғаны » дегенін естідім).
Имам Ахмад. Әбу Дауд Әс-Сижистани риуаят еткен.
– (Және екі қолын кіндік астына немесе кеудесінің астына қояды. Екеуіне де макруһ жоқ. Екі істің алғашқысы одан жеткен риуаяттарындың бірінде абзалырақ делінеді (яғни кіндік астына). Бұны әл-Харқи, әл-Қади және басқалар да таңдаған.
Ахмад, Әбу Дауд және әд-Дарақутни Әбу Жухайфадан риуаят еткен хадисте: “Алақанды алақанның үстіне, кіндік астына қою сүннеттен”- деген сөздер жеткен.
Бұл туралы Ибн Масудтың Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткізген хадисінде айтылған. Имам Ахмад осы хадисті дәлел ретінде қолданған болатын.
“Ибн Батта Әбу Һурайрадан, оған Алла разы болсын, риуаят етеді: «Намаз оқығанда оң қолын кіндік астына қою – сүннет. Ал сахаба «сүннет» дегенде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті меңзеледі”.

Өйткені бұл макруһ саналған “такфир” ісінен алшақ.

......... Кеудеге қоюға келсек, ол мәкрүһ. Аюбтан, ол Әбу Ма’шардан риуаят етілген хадисте: «Намазда тәкфир жасау мәкрүһ; және былай деді: Тәкфир - намазда оң қолын кеудесіне қою.
Ибн Таймияның «Шарх әл-Умда»атты еңбегі. Екінші том, 660-664 беттер.

- (Және тағы терміндік сөз “тақлис” - қолды кеудеге қою, христиандық әрекет секілді (бойұсынушы кейпінде) - Әл-Халил бин Ахмед Әл-Фарахидидің Әл-Айн лексикасы(сөздігі).

– ( Әт-Такфир Әт-Тақлис ол - қолды кеудеге бағынышты кейіпте қою) – Ибн әл-Жәузидің “ғарип” хадисі.
(“Ғарип” - хадистерге берілетін дәрежелердің атауы)
Арапшадан аударған

Ұстаз Бақытұлы Нұралы

P/S бұл ерлерге қатысты