Get Mystery Box with random crypto!

​​ ДӘРЕТТІҢ ТӨРТ ТҮРІ Заһири дәрет (сыртқы ағзаларды жуу) | NURLY.ISLAM

​​ ДӘРЕТТІҢ ТӨРТ ТҮРІ

Заһири дәрет (сыртқы ағзаларды жуу) баршамызға белгілі. («Дәрет намаздың кілті, намаз жаннаттың кілті») Бірақ, мүмкіндігінше дәрет суының таза-адалдығына қатты мән берген дұрыс. Сондай-ақ, киімнің (ішкі-сыртқы) тазалағына байланысты да шариғи талаптар бар.

Батини дәрет – арам ас пен ішімдіктерден сақтану, адал ас тұтыну. Хадисте: «Бір кісі арам лұқманы (бір тістем немесе бір жұтым) асқазанына тастаса (жесе, ішсе) оның қырық күнге дейін амалы қабыл етілмейді», - делінген.

Діл дәреті – жағымсыз қасиеттер мен сипаттардан, күмән мен шүбәдан, хасад пен мекерліктен, дұшпандық пен зұлымдықтан, дүниеге ғашық болудан, «қожа көрсіннен» сақтану. Себебі, көңіл Хақ Тағаланың назары ауатын орын. Осы нәрселерден арылмаған кісі ғибадат-құлшылығының дәмін сезініп, иләһи ғашықтық нығметіне қол жеткізе алмайды.

Сыр дәреті – жүректі (көңілді) Алла Тағаладан өзгеге бағыттаудан аулақ болу, тек Оны ғана ойлау.

«Рисала-и Хожа Азизан Әли Рамитани»

Дайындаған: @Mihrab_kz