Get Mystery Box with random crypto!

Имам Науауи (рахимаһуллаһ) былай деген: «Адам баласы Аллаға ж | NURLY.ISLAM

Имам Науауи (рахимаһуллаһ) былай деген:

«Адам баласы Аллаға жақын болуы үшін:

1. Барлық рұқсат етілмеген және жағымсыз жасаған істері үшін шынайы өкініп, тәубе ету,
2. Қажетті мөлшерде діни білім іздену,
3. Әрдайым бойында дәретпен жүруге тырысу,
4. Парыз намаздарының уақыттары кірісімен жамағатпен бірге намаз оқу. Сонымен қатар, парызға дейін және кейін болатын нәпіл (сүннет) намаздарды орындау,
5. Әрдайым дұха намазын сегіз рәкағаттан оқу және алты рәкағат намазын ақшам мен құптанның арасында оқу, түнгі тәһажжуд намазын және үтір намазын оқу,
6. Дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау, сондай-ақ толған айдың күндері (яғни 14-і, 15-і, және 16-сы) ораза ұстау және басқа да мақтаулы күндері ораза ұстау (яғни арафа күні, шәууәл айының алты күні, Зүл-хижжа айының әуелгі он күні және т.б.),
7. Жүрегімен бар зейінін аударып Құран оқу және оның мағыналарына ой салу,
8. Алладан көп кешірім сұрау (истиғфар),
9. Әрдайым Аллаға көп дұға етіп, Пайғамбарға оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салауат айту,
10. Таңертең және кешке (сүннетте келген) мұстахаб зікірлерді оқу керек.»

«Мақасид»