Get Mystery Box with random crypto!

әзірше помодоро үзілісі менде, сол үшін тез бірнәрсе жазайын. | Нұрахмет арнасы

әзірше помодоро үзілісі менде, сол үшін тез бірнәрсе жазайын.

жазатыным kinda obvious зат, бірақ та қазір еске алып тұрмын. Түсінуімше, экзаменге бастысы уайымсыз қарау керек. Уайымсыз кіру әркімде әрқалай әрине, біреу 100 пайыз дайындалып уайымсыз кіреді, ал басқасы бағаға уайымдамай кіреді. Бірақ бастысы - уайымсыз кіру.

Уайым перформанстын өзіне ғана емес, бірақ сол перформанстың туынды факторларына да әсер етеді. Әсіресе ұйқыға. Бағана досымен экзамен алдында ұйқы туралы сөйлесіп жатқанда соны түсіндім. Мысал ретінде SAT-ты қарастырдық.

Бірінші рет тапсырғанымда дайын болмағам, алғашқы практисті тестке бірнеше күн қалғанда жазғам. Нәтижесінде уайымдап ұйықтай алмай, экзаменде миім шіріп, басым ауырып кетті (физикалық тұрғыда). Оны әрине төмен жаздым - 1250.

Екінші рет тапсырғанымда бүкіл жаз дайындалдым, бірақ өзіме деген сенім төмен және халім жаман болды. SAT алдында екі күн бұрын IELTS тапсырғам, және айлтс бағасына уайымдағаныма қоса САТты тапсыруға басқа қалаға ұштым. Шымкенттің қапырығында шаршап, түнде ұйқым бұзылған. Экзаменді жақсы тапсырдым, бірақ болмайтын қателер жасап 1490 алғам.

Үшінші рет тапсырғанымда қайтан бүкіл жаз дайындалдым. Енді өзіме 100 пайыз сендім. Толық 8 сағат ұйықтап, экзаменге 2 сағат бұрын ояндым. Нәтижем де бұл халіме сәл келді - 1570.

Бұл андай мақтану үшін жазылған пост емес. Енді қазіргі халімді айтайын. Универде ұйқым бұзылған, өте кеш жатам. Бірінші мидтермге мәзбім 96 пайыз, бірақ екіншісі 75 пайыз. Денем соңғы кезде ауырып жүр және сырқаттанып қалғаным бар. Қазір материалды қайталап жатқанда маңдайым қызып, денем ысып кетті. Екі сағаттан соң ұйықтаймын, яғни ары кетсе 5-6 сағаттай ұйықтармын. Денсаулығыма енді ырза емеспім, сондықтан да тек бір жол қалды - қолымнан келгенше тырысып экзаменге дайын болу. Курсты пасс ету маған әңгіме емес, бірақ алар деген бағама ұмтылсам - кем дегенде 97,3 пайыз жинау керек ертең.