Get Mystery Box with random crypto!

Кішкентайымда домбыра ойнай алатынмын және осы күй менің сүйік | Нұрахмет арнасы





Кішкентайымда домбыра ойнай алатынмын және осы күй менің сүйікті күйім болатын. Анам кішкентайымда осыны өзіннің нокиасынан жиі қоятын. Ал күйге түсірілген клип мен үшін бөлек естелік және әлі күнге шейін мен үшін ең әсерлі клип.

Бірнеше апта не ай бұрын достарымызбен бұрынғы эстраданы еске түсіріп жатқанда осы клиптің сюжеті есіме түскен еді, бірақ достарым мен не туралы айтып жатқанымды түсінбей қалды. Клип пен күйді бүгін кездейсоқ тауып қалып, балалық шағым есіме кенеттен түсіп, қысқасы emotionally overwhelmed болдым.