Get Mystery Box with random crypto!

Tolib's Notes

Telegram арнасының логотипі notesoftolib — Tolib's Notes T
Telegram арнасының логотипі notesoftolib — Tolib's Notes
Арна мекенжайы: @notesoftolib
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 65
Арнадан сипаттама

Өзіңе пайдалы болған нәрсеге ұмтыл!
Анонимді (жасырын) сұрақ қою:
t.me/anonaskbot?start=suragynbolsaqoi

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2023-04-30 02:14:03
Ілім үшін шаршаған әр күніңе шүкір ет .
30 views23:14
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 13:26:29 Садақа беру жайлы хабарлама көрсең "бұл маған қатысты емес, себебі мен садақа беретін дәрежеде емеспін, бермесем де болады, мен студентпін ғой" дегенді қой!

Өзің бермесең, біреуге бер деп қалай айтасың?

"Садақа бәле-жаладан қайтарады"- дегенді білесің. Сонда, саған бәле-жала келмейді деген гарантия бар ма?

"Жарты құрмамен болса да тозақ отынан қорғаныңдар"- деген хадис әлде сені айналып өте ма?

Күніге таңда 50 тг садақа етіп, сосын барып жолға шығуға не кедергі? Сол ақша онсыз да болмашы бір дүниеге кетіп қалады, сен байқамайсың. Сенің сыналатын жерің де осы. Иә, аз шығар, бірақ үздіксіз етші, Аллаға сенен сүйікті адам болмайды.

Осыны ілім талап етушілерден көп байқаймын.

Айта білсең, онымен қоса бере де біл.
70 viewsedited  10:26
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 12:45:12
Ілім алу үшін қолайлы уақытты, мекенді, жағдайды күтіп керек жоқ. Ондай ешқашан келмейді, бәлки оны өзің жасайсың.

Әрекет бізден, берекет Алладан.
39 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 07:00:04 Алла Тағала сендердің суреттеріңе қарамайды. Ол жерде 3×4 суретті айтып тұрған жоқ, сыртқы көріністі айтып тұр).

Құрманғазы ұстаз (хафизаһуллаһ)
39 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 06:56:51 Ішкі әлеміңіз бен сыртқы әлеміңіз үйлесімділікте болған кезде мұратыңызға тез жетесіз.

Мысалы, сыртыңызбен оқыған кейіп жасайсыз, алайда ішіңіз оған тартпайды, бұл ішкі әлем мен сыртқы әлемнің үйлеспеуі.

Құрманғазы ұстаз (хафизаһуллаһ)
39 viewsedited  03:56
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 18:59:44 Тірілердің өлілерге жасаған дұғасы, олардың атынан берген садақалары өлілерге пайда береді.

Әл-ақида әт-Тахауия
38 views15:59
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 16:47:06 «Ұстазымыз Бурһануддин (рахимаһуллаһ) жаңа сабақ бастауға сәрсенбі күнін арнайтын. Бұл істі Пайғамбарымыздың ﷺ мына бір хадисіне сүйене отырып жасайтын: “Қандай да бір нәрсе сәрсенбі күні басталса, міндетті түрде аяғына дейін жетеді”. Және Әбу Ханифа да (радиаллаһу анһу) осылай жасайтын.»

Таълим әл-мутаъаллим

Ұстазым да (хафизаһуллаһ) осы ғалымдарымыздың жолын ұстана отырып, жаңадан кітап бастаған кезде сәрсенбі күнін арнайы тағайындап, сол күні бастайтын.
61 viewsedited  13:47
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 05:55:21 Яжуж-мәжуж секілді болма, әрдайым "ин ша Алла" деп айтып жүр!
38 viewsedited  02:55
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 20:15:15 Ғалым болғың келеді. Бірақ, ғалымдардың жасағанын жасағың келмейді..

Ғалым болғың келеді. Бірақ, ғалымдар секілді көп жаттап, көп оқығың келмейді.

Ғалым болғың келеді. Бірақ, ғалымдар секілді көп құлшылық қылып, нәпсі қалауларынан тыйылғың келмейді.

#біркемдүние
35 views17:15
Ашу / Түсініктеме