Get Mystery Box with random crypto!

«Куфа қаласы. Һижри екінші ғасыр. Айнала толған ғалымдар мен і | Tolib's Notes

«Куфа қаласы. Һижри екінші ғасыр. Айнала толған ғалымдар мен ілім мәжілістері. Бір-бірімен жарыса білім алып жатқан шәкірттер де өте көп. Сондай шәкірттің бірі ғылыми мәселелерді түсіне алмай қатты қиналды. Жаттау қабілеті де мәз емес. Қанша тырысса да болмады.

Бір күні ойға шомып отырса, арқасында бір ұсақ наны бар құмырсқаның қабырғаға өрмелеп бара жатқанын көреді. Жорғалайды, құлайды, қайта шығады, қайта құлайды. Ұзақ уақыт тырмысып, түбі өрмелеп шығады. Осы көріністен қатты әсерленген ол: «Кіп-кішкентай мына жәндіктің өзі қанша рет құласа да, қайта тұрып, соңына дейін барды», – деп есін жиып, білек сыбана ілім алуға қайта кірісті. Ол шәкіртті кім десеңіз, үлкен қырағат ғалымы, араб тілінен ең үздік екі ғалымның бірі – Әли ибн Хамза әл-Кисаи. Куфа араб тілі мектебінің көшбасшысы».

”Не үшін оқу?”, А.Кенжалы, Е.Бақытжанов