Get Mystery Box with random crypto!

Бұл үш нәрсенің маңыздылығын ұстазым (хафизаһуллаһ) мына бір о | Tolib's Notes

Бұл үш нәрсенің маңыздылығын ұстазым (хафизаһуллаһ) мына бір оқиғамен баяндайтын:
Бір кісі медресе бітіргеннен кейін саудамен айналысып, ілімнен қол үзіп қалады. Солай жүргенде жиырма жыл уақыт өтеді. Кейін Алланың қалауымен қайта ілім жолына келіп, медресеге ұстаз болып кіреді. Шәкірттердің алдына келіп, жиырма жыл бойы бетін ашпаған кітапты ашып, дәріс бастап кеткен екен. Оның жағдайынан хабардар кісілер таңданыстарын жасыра алмай, одан сұраған кезде, "медреседе жүрген кезімде осы үш нәрсеге тұрақты болғаным себепті қанша жыл өтсе де ілімдерімді ұмытпадым" деген екен.