Get Mystery Box with random crypto!

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалд | Nur -Mubarak university

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
«Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» айлық курсы мәресіне жетті.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетімен (бұдан әрі – Нұр-Мүбарак ЕИМУ) бірлесіп, маусым айына жоспарлаған курста еліміздегі діни салаға тікелей қатысы бар 71 маман (теологтар, исламтанушылар, имамдар, дінтанушылар және т.б.) білім алды. Курсты Нұр-Мүбарак ЕИМУ жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы жүзеге асырды.
16 пәнді қамтыған курс 140 академиялық сағатқа негізделген. Әдістемесі бойынша курс академиялық тәсілімен және дерадикализация әдістерінің академиялық мәселелерін, мақсатты топтармен (радикалдармен) атаулы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және деструктивті діни ағымдарға ерушілермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қамтитын өзекті дәрістік бағдарламасымен ерекшеленеді. Курста ҚР-да өз саласында білікті әрі жетекші мамандардан құралған оқытушы-профессорлар дәріс берді. Атап айтқанда еліміздегі бірегей ислами жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак ЕИМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, сондай-ақ осы салада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының тәжірибелі мамандары шақырылды.
Курс соңында дәріс алған қатысушыларға сертификат табыс етілді.
07:14