Get Mystery Box with random crypto!

​I Республикалық 'Үздік бастауыш сынып мұғалімі' байқауының ер | Nio.KZ

​I Республикалық "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауының ережесі

І Республикалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі»

пәндік олимпиадасы

Ұлттық Интернет Олимпиада сайты – Nio.kz І Республикалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік жасау.

Олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

Сұрақтары қазақ тілі, математика, дүниетану және жаратылыстану пәндерінің оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған. (Тек қазақ тілінде)

Ø Олимпиада бір кезеңнен тұрады.

Ø Барлығы 40 сұрақ (математика 10, қазақ тілі 10, дүниетану 10,жаратылыстану 10)

Ø Тапсырманы орындау уақыты әр сұраққа 1,5 минуттан барлығы 60 минут

Ø Тапсырмалар тест түрінде беріледі

Ø Олимпиада 18-19 қараша күні сағат 09:00-23:59 аралығында өтеді.

Ø Қорытындысы: 20 қараша күні сағат 19:00 сайтта жарияланады.

Ø Олимпиада тек қазақ тілінде өтеді.

Марапаттау

Ø Олимпиада жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Ø Жоғары нәтиже көрсеткен 20 ұстазға 10 000 теңгеден сайттағы аккаунтға бонус беріледі.

Ø Ең үздік нәтиже көрсеткен 3 мұғалімге

· I-орын Ноутбук

· II-орын Планшет

· III-орын Смартфон

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

Ø Nio.kz сайтында тіркелу. Тіркелу сілтемесі nio.kz/register

Ø Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

Ø Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

Ø Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

Ø Олимпиадаға байланысты сұрақтар nio.kz.kz@gmail.com немесе 87071153715 whatsapp арқылы қабылданады.

Олимпиадаға қатысты қосымша ақпараттар

Қатысу жарнасы: 900 теңге

Төлемді nio.kz сайтына тіркелгенде берілетін ID номеріне kaspi.kz,qiwi терминал,касса24 терминалы және карта арқылы онлайн төлей аласыз. Толық ақпарат nio.kz/page/payment, nio.kz/charge

#үздікмұғалім
#бастауышсынып