Get Mystery Box with random crypto!

Mehmed vs. Vlad Біз жиі Netflix сынаймыз ғой. Соңғы 2-3 жылд | Narikbi LIVE

Mehmed vs. Vlad

Біз жиі Netflix сынаймыз ғой. Соңғы 2-3 жылда оған менің де сұрақтарым көп. Алайда онда өзіме қызық, пайдалы болған дүниелер де жоқ емес.

Соның бірі - Rise of Empires атты тарихи деректі сериалы. Бұл сериалда тарихта өз орнын ойып алған империялар және олардың қолбасшылары туралы көрсетілген.

Ең ұнаған бөлімі - Фатих Мехмет сұлтан (II Мехмет). Ол Осман мемлекетінің 7-ші сұлтаны, қолбасшысы. Дәл осы Мехмет сұлтанның тұсында Османдар Константинопльді (қазіргі Ыстамбұл) жаулап алады. Фатих (ашушы, жаулаушы) есімі де сол үшін берілген.

Нетфликс Константипопльдың жаулауы туралы тіпті бөлек сезон түсірген. 21 жастағы жас жігіттің әлемнің ең алынбайтын деген қалалардың бірін жаулауы бір ерекше қызық. Мехметтің әкесі II Мұрадтың тәрбие беруі де өте үлгілі.

Ал, күні кеше ғана осы сериалдың екінші сезоны шықты. Бұл жолы Мехмет пен Валахия елінің (қазіргі Молдавия) ханзадасы Влад Дракула арасындағы соғыс туралы. Қызығы, Влад пен Мехмет екі ағайын секілді бір үйдің астын өскен.

Қысқаша айтсақ, Владтың әкесі II Влад өз балаларын Мехмедтің әкесі II Мұрадқа деген адалдығының белгісі ретінде өз балаларын тастап кетеді. Бірақ, көп ұзамай ол венгр әскерімен бірлесіп, османдарға қарсы шығады.

Мұрад II балаларды өлтірудің орнына олардың османдарға қызмет етуін талап етеді. Оған келіскен Влад, кейін ханзада атанғанда әкесі секілді османдарға қайта қарсы шығып, соғыс ашады.

Сериалда Мехметді жай ғана қолбасшы емес, әскери біліктілігі мен тактиканы меңгерген, кез келген тығырықтан шыға алатын адам ретінде көрсеткен. Ал, Валахия мен Осман халифатының соғысы оңай болмайды.

Валахиялықтар түркілер қолданбайтын тәсілдермен соғыс жүргізіп, олардың біраз мазасын алады. Алайда, Мехметдің табандылығы басым болады.

Мен байқаған бір ерекшелік - ол Мехметдің мен Владтың қойған мақсаттары. Мехмет кішкентай Валахия секілді жеңуде қиналып жатқан сәтте, өз әскеріне әлемді жаулап ала алатынына сендіре алған. Осыған өзі ғана емес, анасы, әйелі, әскер басшылары, кеңесшілері де нық сенген.

Ал Влад болса, тек өз егемендігін, тағын сақтауды ойлап, түрлі әрекеттерге барған. Қол астындағылар да соған байланысты әрекет еткен.

Адам баласы миссиясы мен мақсатының төңірегінде ғана ойлана алады. Мысалы, Мехмет үшін Валахияны жаулау өз мақсатына бір қадам ғана еді. Ал Влад үшін ол соғыс өмірінің мәніне айналып кеткен.

Сол үшін миссиямызды дұрыс таңдау керек екен деп ұқтым.