Get Mystery Box with random crypto!

Müşel Jas Елден жырақта жүргенде туған жерге сағынышыңды отан | Narikbi LIVE

Müşel Jas

Елден жырақта жүргенде туған жерге сағынышыңды отандық музыка басады екен. Берлин көшелерінде, Амстердам каналдарында, Швейцарияда тауларында жүрсең де, құлағыңдағы әуендер мені Алатау бөктеріне, Алматы көшелеріне, балалық шағыма алып кетеді.

Біз қазір жаңа қазақ музыкасының керемет бір даму кезегінде өмір сүріп жатқан секілдіміз. Подкаст тыңдап жүрсеңіздер, мені жиі біздің музыканттарды шақыруға тырысамын. Бұл азаматтардың әлемге деген көзқарасы мені кейде расымен таң қалдырады.

Менің ең сүйікті әншілерімнің бірі, досым, бауырым - jeltoksan (Бексұлтан). Біз негізі подкаст үстінде бірденен танысып едік. Сол кезде шынымен өзімнің замандасымды тапқандай болдым.

Бексұлтанмен музыкаға қарағанда, қазіргі қоғамда болып жатқан құбылыстарды, философиялық туындыларды және т.б. терең тақырыптарды қозғау ұнайды. Оған қарап, әрбір өнер саласының мүшелері осындай болса, біз әлемдік музыкада талай шыңдарды бағындырамыз деп сенемін.

Оның Korgasyn атты альбомы менің Spotify плейлистімде әрқашан алғашқы орындарда. Мен бір жыл бұрын жаңа альбом қашан шығады деп сұрақ қойғанымда - 2021 желтоқсанда деп айтып еді. Содан сарғайып бір жылдан астам күттім.

Ал жақында ақыры желтоқсанның Müşel Jas атты альбомы шықты. Тыңдап шықтым. Өте ұнады. Бұл әндерді әлі талай рет тыңдап шығу керек.

Ең ерекше ұнағаны - Közimdi Aşam. Бұл әнді мен қаңтар оқиғасында жазылған. Бұл әнді ол сол кезде бірінші нұсқасын тыңдап едім. Денем тітіркеніп кеткен.

Қысқасы, Бексұлтанды қолдап жіберейік. Төменде сілтемесін қалдырып кетемін.
https://bfan.link/musel-jas

P.S.: фото менің үйлену тойымнан)