Get Mystery Box with random crypto!

Liberation day Мен қазір Алматыда қашықтықта (remote) жұмыс і | Narikbi LIVE

Liberation day

Мен қазір Алматыда қашықтықта (remote) жұмыс істеп жүрмін. Бүгін коворкингке келсем, адам жоқ. 9 мамыр демалыс күні екен ғой. Еуропада тұрып ол жайлы ұмытып кетеді екенсің.

Көбі Еуропада бұл күні не істейді деп сұрап жатады. Әр мемлекетте әр қалай. Нидерланды елі 5 мамыр күнін - "Азат ету күні" (ағылшынша Liberation Day) деп атайды.

Дәл осы күні 1945 жылы канадалық, британдық және американдық әскерлерлер толығымен голландықтарды фашисттік режимнен азат еткен. Байқағаным, бұл күнді жергілікті тұрғындар ерекше қылып тойламайды. Жай ғана еске алу күні деп қарастырады.

Олар бұл соғыстан біраз қиналды. Ірі теңіз порты бар Роттердам қаласы толығымен жер бетінен жойылып кете жаздады. Еврей халқында осы жерден концлагерлерге де жіберді. Әйгілі "Анна Франк" еврей қызының оқығасы өзі не тұрады.

Жалпы, батыс елдеріндегі соғыс тарихын оқысаң біраз көзқарасың өзгереді екен. Мысалы, біздің мектептерде соғысты кеңес үкіметінің қызыл армиясы ұтып шықты деп айтады. Алайда, бұл соғысты біріккен ағылшын, британ, американ, француз әскерлері де ұтты. Бұл ортақ жеңіс.

Тіпті, мені британ әскерінің қайсарлығы таң қалдырды. Мысалы, олар "энигма" атты өте күрделі неміс шифр жасайтын мәшінесін қайты шифрлады. Бұл мәшіне арқылы фашисттер бір біріне құпия ақпаратты таратқан. Кей тарихшылар "энигма" шешілмедегенде, мүмкін соғыс басқашалай болушы ма еді деген тұжырым жасайды.

Айтпағым, тарих деген өзі қызық дүние. Әр халық пен ұлт оны өз көзқарасымен талдайды. Осыны ойлап, кейін ресейліктерге қазіргі Украинамен соғысын қалай түсіндіреді екен деймін.

Біз өткен тарихы жыл сайын ауысып тұратын уақытта тұрып жатырмыз ау деген ой келеді.