Get Mystery Box with random crypto!

Украин халқына прокси мен VPN жасап көмектеспедік пе деп жазып | Narikbi LIVE

Украин халқына прокси мен VPN жасап көмектеспедік пе деп жазып жатқандар көп. Егер шынымен интернет бұғатталып жатса, әрине шамамыз келгенше көмек береміз. Алайда, ондай хабар әлі келмеді.

Телеграм басшысы Павел Дуров мырза еуропалық серверлерінде өте қатты нагрузка болып жатқанын хабарлады. Көптеген украиндық БАҚ өкілдерінің сайттарына DDoS шабуыл жасалып, құлап жатыр деген хабар жетті.

Қазір үлкен ақпараттық соғыс болып жатқаны білініп тұр. Еуропалық және ресейлік жаңалықтар бір-біріне қарама қайшы.

Кез келген провокацияларға берілмеуіңізді сұраймын. Оқып жатқан тексттер мен қарап жатқан видеолардың сенімді БАҚ өкілдерінен екенін тексеріп алыңыз.