Get Mystery Box with random crypto!

Қайыр-садақа сұрау дұрыс па? Жұмыс істемей, өзін садақа сұра | Гүлмира ұстаз | QMDB

Қайыр-садақа сұрау дұрыс па?

Жұмыс істемей, өзін садақа сұрайтындай жағдайға түсірген адам 70 нәрсеге мұқтаж болады.» (Тирмизи)

«Мұқтаж болмаса да тіленген адам оттың жалынын жұтқан адам сияқты.» (Бәйһақи)

«Өзінің немесе бала-шағасының шыдауға келмейтіндей мұқтаждығы болмаса да тіленген адамды Алла та’ала күтпеген жерде және күтпеген уақытта мұқтаж қылады.» (Бәйһақи)


«Қайыршы тіленудің жауапкершілігін білетін болса, бірден қайыршылықтан бас тартатын еді.» (Табарани)


«Шынайы кедей – қажеттілігіне төлейтін ештеңесі болмаған, ешкімнің есінде болмағаны үшін садақа берілмейтін, өзі де тұрып ешкімнен ештеңе сұрамайтын адам.» (Бұхари)

«Мына үш нәрсеге ант етемін: Садақа берумен мал-мүлік мүлдем азаймайды. Сондықтан садақа беріңдер! Зұлымдық еткен адамды Алла разылығы үшін кешірген адам дүние мен ахиретте азиз (құрметті) болады. Сондықтан кешіріңдер! Сұрау (тілену) есігін ашқан адамға Алла та’ала кедейлік есігін ашады.» (И.Ахмед)

«Қайыр тілеуге бөгет болатын байлық – таңертеңгі және кешкі тамағының бар болуы.» (Рузәйн)