Get Mystery Box with random crypto!

Намаз оқу | Намаз оқып үйренейік | Намаз оқып үйрену 🧕

Telegram арнасының логотипі namaz_oku_kz — Намаз оқу | Намаз оқып үйренейік | Намаз оқып үйрену 🧕 Н
Telegram арнасының логотипі namaz_oku_kz — Намаз оқу | Намаз оқып үйренейік | Намаз оқып үйрену 🧕
Арна мекенжайы: @namaz_oku_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 922
Арнадан сипаттама

✅️Тек қыз-келіншек және әйелдерге арналған, ерлерге рұқсат жоқ!
⚠️ Ер кісілерге кірүге болмайды
@namazoku_bot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-05-19 13:48:32
Әйелдердің (қыздардың) намаз оқу үлгісі

#Марфуға_шапиян
96 views10:48
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 05:37:32
Бұл сурет Әл-Ақса мешітінде болған өрттен өртенген Қасиетті Құран. От Бақара сүресінің 211-ші аятына кеп тоқтаған: «(Уа, Мұхаммед!): Исрайыл ұрпақтарынан сұра, оларға (ақиқатты көрсететін) қаншама ап-айқын дәлелдер келтірдік. Кімде-кім өзіне Алланың нығметі келгеннен кейін оны (яғни тура жолды күпірлікке) алмастыратын болса, Алланың жазасы тым қатты.»

#нұрлыдағуат
33 viewsedited  02:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 05:37:31
Оразадан кейін қандай болуымыз керек?...

Әйгілі ғұлама, табиғин Кағбул-Ахбар (Алла оған разы болсын) бұл жайында былай деген екен.
«Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап жүргенде өз-өзіне іштей ораза біткен соң Аллаға қарсы күнә жасамаймын деп бекінсе ешқандай есеп-қисапсыз, сұраусыз жұмаққа кіреді. Ал кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап жүргенде өз-өзіне іштей ораза біткен соң бұрынғы жасап келген күнәсін қайта істеймін деп бекінсе, оның оразасы қабыл болмайды».

Алла Тағала баршамызға рамазаншыл пенде емес, құдайшыл құл болуды нәсіп етсін!
Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
33 views02:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 05:37:31
Алла тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Ораза айт мерекесі құтты болсын!
35 views02:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 05:50:22
Рамазанның соңғы 10-түні және Қадірі.

Ұстаз Ерлан Ақатаев

@kuran_tapsir
179 views02:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 05:50:21 ҚАДІР ТҮНІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ

`Убада ибн Самиттен жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қадір түнінің белгілері туралы былай деген:

«Қадір түнінің белгісі – оның түнық әрі жарық, ал айдың ол түні бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Ол түн тыныш, суық та емес, ыстық та емес жайлы болады. Бұл түні таң атпайынша жұлдыздардың лақтырылуына рұқсат берілмейді. Оның тағы бір белгісі: таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді»
(Ахмад 5/324)

@kuran_tapsir
186 views02:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 04:06:07
Қадір түні жиі оқылатын дұға
257 views01:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 04:06:07
Өте керемет
243 views01:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 04:06:07
Оразаны жеңіл ұстадым деп ойлама/ Ұстаз Ерлан Ақатаев
228 views01:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 04:06:07 Қадір түнінің ұлықтығы мен артықшылығы жайында Құранда не айтылған?

Алла Тағала былай деді:

«Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік. (Мұхаммед) Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан қайырлы. Періштелер және Жебірейіл ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші таң рауандағанға дейін жалғасады» ("Қадір" сүресі, 1-5-аяттар)

Ал тағы бір аятта Алла Тағала былай дейді: «Айқын Кітаппен ант! Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында, Біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айырылады. Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз» ("Духан" сүресі, 2-5-аяттар)

Қатада: «Бұл түнде келесі жыл істерінің тағдыры жазылады», - деген.
(“Тафсир әт-Табари” 25/65)
_

@Kuran_tapsir
227 views01:06
Ашу / Түсініктеме