2021-06-28 08:07:14
#қауіпсіздік
Кеше Қазақстан COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті.
Бүгін бірден үш аймақ "жасылдан" "сары" аймаққа көшкені белгілі болды. Бүгінгі таңдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, елде коронавирус ауруы өсуде.
"Қызыл" аймақта Нұр-сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта алты өңір бар: Шымкент, Қостанай, Маңғыстау облыстары. 28 маусымда оларға Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстары қосылды.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Түркістан облыстары мен СҚО "жасыл" аймақта қалып отыр.
Бір тәулік ішінде елімізде 1686 коронавирус ауруы анықталды.
Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентімен 3 165 155 адам егілді, екінші компонентімен - 1 905 062.
20 views05:07