Get Mystery Box with random crypto!

Өндірілген 1 тонна мұнай үшін қай жобалар ең көп салық төлген? | MunaiKolik

Өндірілген 1 тонна мұнай үшін қай жобалар ең көп салық төлген?

@NRG_monitor жылына 1 млн тоннадан астам мұнай өндіретін ТОП-10 мұнай компанияларының салық және Ұлттық қорға төленетін басқа да төлемдерін зерттеді. Бұл компаниялардың үлесіне 2022 жылы өндірілген мұнайдың 88% тиесілі.

Осы 10 жоба еліміздің 2022 жылға арналған бюджеті мен Ұлттық қорына түсетін барлық салық түсімдерінің 39%-ын (8,2 трлн теңге) құрайды.

1 тонна мұнай үшін салық төлемдері бойынша рейтингті былтырғыдай Қарашығанақ Петролеум Компани (КПО) бастады – 165 мың теңге. Талдау барысында КПО акционерлерінің табыс салығы бойынша төлемдері ескерілді.

Екінші орында Теңізшевройл – 156 мың теңге.

Рейтингті Қашаған кен орнының операторы (НКОК) 1 тонна үшін 24 мың теңгемен жабады. НКОК төлемдері 239 млрд теңгені, «PSA» ЖШС (қазақстандық мұнай үлесін сату) 78 млрд теңгеге, ал NCOC-тың 7 акционері 16 млрд теңгеге минус төлемді қалыптастырды (ҚҚС қайтару есебінен).

www.t.me/NRG_monitor