Get Mystery Box with random crypto!

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев | MunaiKolik

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) басшыларымен кеңейтілген кеңес өткізді.

Астанада өткен кездесуде ҚМГ басшысы компанияның даму бағытына тоқталды. 2022 жылдың қорытындысы мен алдағы жоспар талқыланып, ЕТҰ басшыларының есептері тыңдалды.

Бірқатар кен орнында жаңа мұнай шоғырларының табылғанын ескере отырып, мемлекет пен акционерлер алдындағы барлық міндеттемені уақтылы орындау үшін энергия ресурстарын өндіру қарқынын одан әрі арттыру маңызы айтылды.

Геологиялық барлау бойынша ұзақ мерзімді стратегия қалыптасты, ендігі жоспар – қорларды ұлғайту.

Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі, атап айтқанда, Маңғыстау облысында жаңа су тұщыту зауытын салу және «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырын қайта жаңарту мәселелеріне жеке тоқталды. Сондай-ақ стратегиялық маңызды жобалар қатарында мұнай-газ химиясы саласындағы және басқа да жобалар аталды.

Толығырақ: bit.ly/3WrWuP7