Get Mystery Box with random crypto!

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр Еліміздің ің ірі мұ | MunaiKolik

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

Еліміздің ің ірі мұнай компаниясы «Теңізшевройл» негізі қаланғаннан бері Атырау облысы мен жалпы Қазақстан халқының әлеуметтік деңгейін жақсартуға бағытталған бірқатар бастамаларды қолға алып, қоғам игілігіне пайдалы жобаларды жүзеге асыруда.

Кәсіпорын бұл мақсатқа бүгінге дейін 2,6 млрд АҚШ долларына жуық қаржы жұмсаған.  

24 жылдан астам уақыттан бері ТШО сәтті жүзеге асырып келе жатырған бағдарлама – «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы. Оның аясында биыл Жылыой ауданы Құлсары қаласында 3000 орындық орталық стадион ашылып, салтанатты түрде аудан тұрғындарына пайдалануға берілді. Сонымен қатар осы өлкеде орталық аудандық аурухананың құрылысы жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы, «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2022 жылғы бюджеті 30 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Аталған қаржының негізгі бөлігі Атырау облысындағы балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалмақ.

Толығырақ

@baq_kz