Get Mystery Box with random crypto!

20 желтоқсан күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы | MunaiKolik

20 желтоқсан күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев видеобайланыс арқылы ГФР экономика және климатты қорғау істері министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Михаэль Кельнермен және Астанада Германияның Бундестаг депутаты Кристиан Гёркемен кездесті.

Тараптар Шведт қаласындағы МӨЗ-ге Қазақстан мұнайын «Дружба» мұнай құбыры арқылы экспорттау мәселелерін талқылады, бұл келісімшарт және техникалық мәселелерді шешу арқылы мүмкін болмақ.

«ҚМГ мұнайының экспортқа шығатын көлемі бірыңғай жүйелік трейдер — KMG Trading мекенжайына жеткізіледі, ол алдымен ҚМГ-ның Румыниядағы МӨЗ қажеттілігін өтейді. Экспортқа арналған мұнайдың қалған көлемі ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша сатылады. Сонымен қатар, ҚМГ Германияға сынақ ретінде мұнай партиясын 2023 жылдың қаңтар айында жөнелту мүмкіндігін қарастырып жатыр», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміт білдірді.