Get Mystery Box with random crypto!

18 жасқа дейінгі барлық балаға БЖЗҚ-да арнайы шот ашылады 1 | MunaiKolik

18 жасқа дейінгі барлық балаға БЖЗҚ-да арнайы шот ашылады

18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсіп тұрады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты. Министрдің айтуынша, Ұлттық қор – балаларға жобасы 2024 жылдан бастап іске қосылады.

18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түседі. Шот операторы – «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ болады, - деді ол.

Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады. 2023 жылы бастаманы іске асыру үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланып отыр.

@baq_kz