Get Mystery Box with random crypto!

Демалыста жолдасыңызбен бірге қарауға болатын фильм. Үнемі жұ | Айдана Тлепбергенова| Mummy.kz 💕

Демалыста жолдасыңызбен бірге қарауға болатын фильм.

Үнемі жұмысбасты Майкл Ньюман отбасына уақыт бөле алмайды. Себебі ол архитектор ретінде компанияның партнеры болуды армандайды. Сол үшін жұмыстан кейін үйде де жұмыс жасауына тура келеді.

Бір күні ол өмірін өзгертетін пульт тауып алады. Пульттің көмегімен өмірін жылдамдата алады, қаласа тоқтатып қояды, тіпті керек емес деп тапса бірнеше жылын өткізіп жібере алады.

Кейде балалар тез өссе екен, осы күндер тез бітсе екен деп жатамыз. Бірақ әр сәттің өз қызығы мен бізге беретін тәжірибесі бар екенін ұмытамыз.

Майкл да дәл солай тезірек мақсатына жетемін деп пульттің көмегімен өмірінің көп сәттерін өткізіп жіберіп артынан қатты өкінеді.

Бұл фильм отбасы, ата-ана басты құндылық екенін тағы бір еске салды.

Сіздерге де ұнайды деп ұсынып отырымын

P.s. Баламен қарамаңыз. сценалары бар.