Get Mystery Box with random crypto!

Миды дамытуға арналған 2 лайфхак Компьютерлік тышқанды сол қо | Есте сақтау 🧠

Миды дамытуға арналған 2 лайфхак

Компьютерлік тышқанды сол қолмен ұстаңыз
Сол қолды белсенді жұмысқа қосқан сәтте, оң мен сол ми жарты шарлары арасындағы нейтронды байланыстар жанданады. Екі қолын бірдей қолдана алатын адамдардың ми жарты шарларының арасында жүйке талшықтары 100%-ға көбірек екенін ғалымдар дәлелдеген.
Сол қолыңызды барлық шаруаларда қолдануға тырысыңыз. Кей жағдайларда бұл қиын болуы мүмкін. Тышқан қолдануға қоса сол қолмен тіс жуып, жазып көріңіз. 

Еске алыңыз
Кейде теледидардан көрген жұлдыздың есімі, ойнап тұрған әннің атауы тіліміздің ұшында тұрса да, еске ала алмай қаламыз. Бұндай сәттері "Мейлі" демей, атауды еске алуға тырысыңыз. Қасыңыздағы досыңыздан сұрап, жауабын ғаламтордан іздеңіз. Жауабын тапқанда оны ендігәрі ойдан шығармауға тырысыңыз. Миды осылайша жаттықтырып, мықты қыласыз.
Мәселе тек атаулар мен есімдерде емес, біреудің телефон нөмірлерін, көлік нөмірін, күндер мен сағатты бір қарағаннан есте сақтауға тырысыңыз.