Get Mystery Box with random crypto!

Жанарсыз адам Топсасы жұмыр тобылғы томсарып алып келеді, То | Мұқағали

Жанарсыз адам


Топсасы жұмыр тобылғы томсарып алып келеді,
Толайым мына тірлікті тобылғы таяқ көреді.
Толғанып жүрген бейбаққа, тобылғы таяқ тіл бітсе:-
Алдыңда ор бар, аяулым, бері жүр бері! - дер еді.

Көрінбей оған көктем тұр, көрінбей нұр тұр себелеп,
Топ қыздар өтіп барады - топтанып ұшқан көбелек.
Жанарсыз адам келеді аттай да алмай жақсылап,
Тозығы жеткен асфальтті тобылғыменен шегелеп.

Іздейді көзін басынан, іздейді көзін аяқтан,
Іздейді көзін қолынан, іздейді көзін таяқтан.
Жанарсыз адам келеді... жанарлы бейқам тірліктен,
Жанарын даулап, дүниені таяқпен түртіп оятқан