Get Mystery Box with random crypto!

ЖҮРЕККЕ НӘЗІК ТІЛ БІТТІ Шыр етіп шығып анадан, Іңгәлап біра | Мұқағали

ЖҮРЕККЕ НӘЗІК ТІЛ БІТТІ


Шыр етіп шығып анадан,

Іңгәлап біраз жаттым тек.

Кешікпей анам мені алған:

"Бақытты бол, жаным!", - деп,

Қос бұлақ ағып төсінен,

Аузыма келді тәтті сүт.

Сол сүтті еміп өсіп ем,

Жетектеп бақыт, зор үміт.

Әліппе оқып "а", "б" - деп,

Түйінін шештім тілімнің.

Сәби жүрек лүпілдеп,

Сағаты соқты білімнің.

Еліктеп шаттық заманға,

Мектепте оқып ер жеттім.

Еркелеткен заманда,

Еркіммен жырлай бермекші

Он сегізге толды жасым,

Болдым мен де комсомол.

Бақытқа неге апармасын.

Ұлы Ленин салған жол.

Бақыттың биік асқарына,

Ұлы Ленин бастап барады.

Жазылып өмір дастанына,

Өшпейтін орын алады.

Туғанда алғаш анадан,

Келешек бақыт күн күтті.

Шешіліп сөйлеп жаңадан,

Жүрекке нәзік тіл бітті.

Жүректен шыққан тұнық жыр

- Бүршіктенген жаңа гүл.

Түйдектеп талай шындық сыр,

Жаттықпақ әлі нәзік тіл.