Get Mystery Box with random crypto!

​​Әбділдаға Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайым, Мен қалай,Әбе, се | Мукагали Макатаев | Мұқағали Мақатаев

​​Әбділдаға

Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайым,
Мен қалай,Әбе, сені жат санайын.
Абыржып асаңды ұстап отырғаның,
Ашулы Грозный патшадайын.
Сөйлесең,Бурадайын лықсып-тасып,
Жаралы жауынгердей сылтып басып,
Әбігер боп жүргенің қашан көрсем,
Жырдағы жалғандықпен мылтықтасып.
Бой түзеп,Босқа кетпей сауықпенен,
Боз қырау босағасын тауыпты өлең.
Жаман жыр жазғанымда
Ақ таяғың -Арқамда ойнай ма деп қауіптенем...
Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз ақын бал мен у тамызатын.
Жесірдің айырылмас сырласы боп,
Жендеттің көзінен жас ағызатын.
Туады, туады әлі нағыз ақын!
Жыр сөздері жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда,
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,
Жанар пайда болады соқырларға.